АҚШ-тағы еңбек нарығындағы жаңа деректер шығып, биткоин бағасы күрт төмендеді

23 қараша, 2025 / Alashorda
pixabay.com

Биткоин жұма күні айтарлықтай құлдырап, 86 000 доллар деңгейінен төмен түсті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның дерегінше, АҚШ-тағы еңбек нарығына қатысты нақты емес мәліметтер инвесторларға сенімсіздік тудырып, пайыздық мөлшерлеменің жақын арада төмендемейтіні туралы болжам күшейген. Осы жағдай криптовалюта нарығында жаппай сатылымға әкеліп, биткоин бағасын төмендетті.

Forexmart деректеріне сәйкес, жұма таңында әлемдегі ең ірі криптовалюта бағасы 6,8% төмендеп, 85 702,6 долларды құрады. Сауда барысында ол шамамен 85 417,6 доллар деңгейіндегі күн ішіндегі ең төменгі межеге қысқа уақытқа жеткен. Бұл көрсеткіш сәуірден бергі ең әлсіз деңгей саналады. Сонымен қатар биткоин апта басынан бері 8%-дан астам арзандап, апта бойынша ең ірі құлдырауға жақындап отыр.

Сейсенбі күні жарияланған АҚШ еңбек нарығына қатысты қыркүйек айының есебі жұмыс орындарының саны 119 000-ға артқанын, ал жұмыссыздық деңгейінің 4,4%-ға көтерілгенін көрсетті.Сарапшылар деректер экономикада айқын тренд қалыптастырмай, қарама-қайшы ақпарат беріп отыр деп есептейді.

Бұған дейін 4 қарашадағы сауда барысында биткоин бағасы алғаш рет 2025 жылдың 23 маусымынан бері 100 000 доллар деңгейінен төмен түскені хабарланған еді.

АҚШ экономика биткоин