ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2026 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,25% мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
2025 жылы ШЖК-ны жұмысқа тарту бойынша 4 санатта квота бөлінді: бірінші санат бойынша 726 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 402 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 5 893 және 3 131 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 4 994 адамға дейін жұмыс күші тартылуы мүмкін.
Бұдан басқа, 2025 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 2,9% мөлшерінде белгіленген.