Мұхтар Жәкішевтің модель қызы тұрмысқа шықты

Бүгін, 13:03 / Alashorda
Фото: Instagram/altjj_

Алтынай Жәкішева Лондонда шетелдік азамат Карл Обиге тұрмысқа шықты. Ақпарат көздеріне қарағанда, ол Манчестер университетінің түлегі және инвестициялық менеджер болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Алтынай қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, отбасылық салтанаттан фотосуреттер жариялады. Ерлі-зайыптылар неке қию рәсімін Лондондағы ратушада жақын туыстарының ортасында өткізген. 

Әлеуметтік желідегі жазбасында Алтынай:

«9 мамыр күні Лондонда отбасымыздың ортасында некемізді ресми түрде тіркедік. Сол күнге жаңбыр болжанғанымен, күн ашық әрі аспан ашық болды. Осы күні мен ресми түрде Mrs OJ атандым», – деп жазды.

Лондонда тұратын шамамен 27 жастағы Алтынай Жәкішева модель болып жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұрынғы "Қазатомөнеркәсіп" басшысы Мұхтар Жәкішев көпбалалы әке. Алтынайдан бөлек оның Әйгерім, Айсұлу, Айдай және Айтөре есімді балалары бар. Сондай-ақ, 2023 жылы отбасында тағы бір қыз бала дүниеге келген.

Алтынай Жәкішева Мұхтар Жәкішев Модель Неке