«Салафит». Белгілі ақын Мұхамеджан Тазабековтың Оралда кездесу өткізуіне қарсы шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:21 / Alashorda
Коллаж

Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгерева айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің Орал қаласында келіп, кездесуіне қарсы шықты, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

“SOS! ОРАЛЫМ, МЕНІҢ,ОРАЛЫМ!” деп дабыл қаққан ақын Мұхамеджан Тазабектің Қайрат Сатыбалды мен Бекболат Тілеуханмен байланысы бар екенін айтты.

«Бүгін Оралда Қадыр Мырза Әлі орталығы Мұхамбетжан Тазабековпен кездесуге шақырады.. Қадыр Мырза Әлі орталығы мемлекеттік мекеме еді, жекеменшікке өтіп кеткен жоқ па екен? Рұқсат берген кім?

Президентіміз 16-мамырда Кітап оқитын ұлт боламыз деген Жарлыққа қол қойды. Біз Қадыр ақынның 6767 кітабын көшіріп әкеліп,он жыл өткесін, енді ашып оқуға  кіріскелі отыр едік....

Сол тұста Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеухан, Дикий Арманның құшағынан шыққан, айтыстағы "құбылыс" Мұхамбетжан Тазабеков ел-жұртпен кездесу үшін Орадағы киелі орталықты таңдапты. Жапондардың әлем алдына шыққан "Ахикабарада" дамыған техниканы көріп келгенін,адамзатты тек ғылым дамытқанын айтар ма екен?

Әлде,соғысып жатқан Иранның Мешхет қаласындағы Мұхамбет пайғамбардың немересі Резаның қабірін сипауға барыңдар дей ме екен?

"Отбасы құндылығы" жайында, Бекболат Тілуханов қайнағасы сияқты 4 әйел ал дей ме? Ақ сүт берген Анаң

ды өлген бойда көм дей ме?

  Сан түрлі діни ағымдар еніп кеткен Батыс өңірге осы "пәленің" келуі  маған жұмбақ.

Қандай саясат? Қандай үгіт?

Айтыс жайлы не демек?

Айтыс-қазір бизнес.

  Барыңдар кездесуге.

Тәңірші болу, салафит болу, ақ жамылу,қара жамылу , талақ болу , суайт болу, зымиян болу - өз еркіңіз ғой...» - деп жазды.

Ақұштап Бақтыгерева Мұхамеджан Тазабектің Қадыр Мырза Әлі орталығы