Түркістан облысында ұлы ұрып-соққан қарттың мәйітіне эксгумация жасалды

Бүгін, 10:47 / Alashorda
Фото: Dидеодан скрин

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Есіркеп Садақбаевтың қыркүйектің 3-іне қараған түні қайтыс болғанын хабарлады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы Шардара ауданында ұлының соққысына жығылған қарт тұрғынның мәйіті шығарылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Есіркеп Садақбаевтың қыркүйектің 3-іне қараған түні қайтыс болғанын хабарлады. Ол көзі тірісінде гипертониялық жүрек ауруы және омыртқа остеохондрозы диагнозымен дәрігерлердің бақылауында болған. Қарт адам алған дене жарақаты бойынша дәрігерге жүгінбеген.

"Туыстары қайтыс болу фактісін дер кезінде жеткізбегендіктен, медицина қызметкерлері анықтау актісін бере алмады. Қазір мәйіт эксгумацияланып, сараптама тағайындалды. Соңғы қорытынды қосымша жарияланады", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам өз әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынған еді.

Түркістан облысы Есіркеп Садақбаев Шардара ауданы