Мадридтік «Реал» клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Марокко астанасы Рабат қаласында өткен футболдан клубтық әлем чемпионатында Мадридтің «Реалы» жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Испаниялық клуб финалда Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасымен күш сынасты.

Мадридтіктер 13 минутта есеп ашты. Карим Бенземаның пасын Винисиус мүлтіксіз пайдаланды. Бес минуттан кейін Федерико Вальверде есепті 2:0-ге жеткізді. 26-минутта саудияық Мусса Марега жауап доп соқты.

Екінші кезеңде 54-минутта Винисиустан пас алған Карим Бензема көзге түсті. 58-минутта тағы да Федерико Вальверде мергендік танытты. 63-минутта Лусиано Вьетто есепті қысқартқанымен, алты минуттан кейін Винисиус қос голдың авторы атанды. 79-минутта «»Аль-Хиляль» клубынан Лусиано Вьетто матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, 5:3 есебімен жеңіске жеткен «Реал» клубтық әлем чемпионатында үздік шықты.

Бұл мадридтік клубтың түрлі додалардағы 100-інші трофейі еді. Бұл көрсеткіш жөнінен «Реал» каталониялық «Барселонадан» (98 жеңіс, 76 ұлттық чемпионат, 22 халықаралық жарыс) асып түсті.

Фото — Сhampionat.com