Президент бокстан Әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалап отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Фото: Ақорда
World Boxing Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.