Жетісу облысында екі жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Жетісу облысында екі құрдасын пышақтап өлтірмек болды деген күдікпен 17 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«10 ақпан күні 17 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды.
Күдікті ұсталды және қамауға алынды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабына сәйкес («Адам өлтіруге оқталу») жүргізіліп жатыр», — делінген полиция мәліметінде.