<?php wp_head(); ?> Алматы: Лай басқан жерден ер адамның денесі табылды - Alashorda ақпараттық-сараптамалық сайты

Алматы: Лай басқан жерден ер адамның денесі табылды

Алматыда лай басып қалған жерден бір адамның денесі табылды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 10:36-дағы ақпарат бойынша, лай көшкіні жүрген жерде жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр. Туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетілді.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапты»,- деп хабарлады департаменттен.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.