Әбілхайыр Тамабек вице-министр қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.
Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген.
Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған.
2015-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы.
2022-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.
2022-2024 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.