Президенттің Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды

Қазақстан Президентінің «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында жоспарланған іс-шаралары аяқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Самарқанд әуежайынан Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов шығарып салды.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барған болатын.