Шерзат ісі. Куәгер болған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді қайта тергеледі

Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полат ісі бойынша төрт куәгердің әрекеті тексеріледі. Бұл туралы бүгін, 5 маусымда судья Ержан Жанұзақов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол үкім шыққаннан кейін куәгерлердің әрекетінде қылмыстық белгі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Арлан Қазыкенов, Юлдаш Рузбаев, Дана Жақсыгелді және Эльмира Нұрбековаесімді куәгерлердің іс-әрекетіне күмән туындаған.

Сот бұл жайында арнайы қаулы шығарды. Енді олардың әрекетін Алматы облысының прокуратурасы тексереді.

Бұған дейін сот жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсембай оқиға орнында болған 4 куәгердің әрекетіне қатысты жеке қаулы шығаруды сұраған еді.