Шерзат Полат ісі: сотталушыларға үкім шықты

Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесіне нүкте қойылды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
ҮКІМ
Сотта төрелік еткен судья Ержан Жанұзақовтың үкімімен:
Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша 23 жылға сотталды.
Равиль Сакиев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 293-24-баптың 3-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) 20 жыл;
Шыңғыс Белғожаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Дархан Әскентай қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Нұрқияс Ілиясов қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 9 жыл (бұрынғы 2,5 жылға шектеу жазасын қосқанда);
Нұрбол Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Азамат Тоқтаубаев қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), оған қоса 188-бап (ұрлық) бойынша – 15 жыл (бұрынғы жазасын бірге қосқанда);
Дидар Қалиахмет қылмыстық кодекстің 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) – 7 жыл;
Кәмелетке толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.