Экс-министр Жақсылықовтың көмекшісі қамауға алу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Руслан Жақсылықовтың жеке көмекшісі Әшім Күзебеков Ulysmedia тілшісімен сөйлесу барысында бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды.
МӘН-ЖАЙ
Подполковник Күзебековтің айтуынша, өзі тәулік бойы бірге жүретін Жақсылықовтың жағдайы «жақсы». Бұрынғы министрдің отставкасына не себеп болғаны туралы сұраққа ол:
— Біз әрдайым мемлекет игілігі үшін жұмыс істедік, — деп жауап берді.
КОНТЕКСТ
Ulysmedia редакциясы аталған ақпаратты растау немесе жоққа шығару туралы ресми құрылымдарға сауал жолдағанымен, әзірге олар біздің алған инсайдерлік ақпаратымызды не растап, не теріске шығарған жоқ.