Теннисші Александр Бублик Галле турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 сериясындағы турнирдің үшінші кезеңіне шықты.
Ол бұл кезеңге өту үшін әлемнің бірінші ракеткасы – италиялық Янник Синнерді күтпеген жерден тізе бүктірді.

Кездесу үш сетке созылды. Қазақстандық теннисші матчты 3:6, 6:3, 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Ендігі қарсыласы – чехиялық Томаш Махач.