Алматыдан 321 шықырым жерде жер сілкінді

Қазақстанның сейсмологтары 9 шілде күні таңертең жер сілкінісін тіркеді.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен 8:29-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 321 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет жоқ.