Қазақстандықтардың жартысынан көбі ЛГБТ насихатының кәмелетке толмағандарға кері әсерін атап өтті

Аталған зерттеу 2024 жылғы 6 тамыздағы «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ның ашық және жасырын насихатына қарсымыз» петициясын қарау бойынша жұмыс тобының шешімінде көзделген ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша өткізілді.

Зерттеу қорытындылары зерттеу тақырыбы бойынша әлеуметтанулық сауалнамалар мен ғылыми-құқықтық талдау жүргізген зерттеу ұйымдары және сарапшылар тобымен ұсынылды.

Зерттеуді жүргізу және оның қорытындысы бойынша есепті дайындау жұмысы «Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры» ҚҚүйлестіруіменқордың жеке және зерттеу ұйымдары мен сарапшылардан тартылған ресурстарыесебінен жүргізілді.

Анықтама ретінде:

Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қоры – адам құқықтарын қорғауға, демократияны нығайтуға және азаматтық қоғамды дамытуға арналған, осы салаларда жобалар мен бастамалардың кең спектрін іске асыратын, шетелде мойындалған Қазақстанның алдыңғы қатарлы құқыққорғаушылары мен сарапшыларын біріктіретін тәуелсіз қоғамдық ұйым.

Талқылауға ұсынылған есепте кәмелетке толмаған азаматтарға сыртқы ақпараттық ортаның психологиялық ықпалы және дәстүрлі емес қатынастарды насихаттаудың қоғамдық қабылдауы мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ғылыми және әлеуметтанулық зерттеулерінің қорытындылары, сондай-ақ халықаралық тәжірибені есепке ала отырып кәмелетке толмағандар арасындағы дәстүрлі емес қатынастарды насихаттауды реттеудің құқықтық аспектілері жалпыландырылған.

Сарапшылардың пікірі бойынша:

  • дәстүрлі емес жыныстық қатынастар тақырыбымен мазмұнды тұрақты түрде тұтынатын жасөспірімдер жеке гендерлік немесе жыныстық сәйкестікке қатысты ішкі шатасу, мазасыздық және ыңғайсыздық сезімін сезінеді;
  • цифрлық кеңістік жасөспірімдер көзқарасының қалыптасуына күрделі ықпал етеді, соның ішінде жыныстық бағдар және гендерлік сәйкестікке қатысты тақырыптарды қабылдауды қоса;
  • аудиторияның жастық және психологиялық ерекшеліктерін есепке алмай, дәстүрлі емес жыныстық қатынастар тақырыбына толы ақпараттық шу жасөспірімдер тұлғасының қалыптасуында деструктивтік фактор болуы мүмкін;
  • балаларға арналған мультфильмдер, кітаптар мен сериалдар арқылы дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды символдық заңдастыру жасөспірімнің тұрақтылық және айқындық сезімін бұзуы мүмкін.

Осылайша, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Н.Б. Есімовтың айтуынша, «жыныстыққа қатысты идеологияланған мазмұнмен жасөспірімдерді психологиялық шамадан тыс жүктеу:

  • мазасыздық пен сенімсіздіктің жоғары деңгейіне;
  • эмоционалды тұрақсыздық және депрессиялық көңіл-күйге;
  • сән мұраттарына сәйкес келмейтін әлеуметтік оқшаулану сезіміне;
  • тұлғааралық қарым-қатынас пен өзін-өзі анықтаудағы қиындықтарға алып келуі мүмкін».

Сонымен қатар зерттеу барысында әлеуметтік медиада ЛГБТ тақырыбы бойынша біршама жарияланымдар анықталды. Атап айтсақ, зерттеу жүргізу кезеңінде аталған тақырып бойынша 1559 материал жарияланды. Бұған қоса, әлеуметтік медианың танымал алаңдарында дәстүрлі емес бағдар сұрақтарына қатысты, ЛГБТ құндылықтарын насихаттаумен материалдарды жариялайтын блогерлер мен тұтынушылардың белсенділігі байқалды.

ЛГБТ туралы ақпаратты алудың қайнар көзі бойынша сауалнамаға қатысушылардың көбі аталған тақырып бойынша мәліметті дәл осы әлеуметтік желілерден (63,7%) алатынын хабарлады, ал дәстүрлі БАҚ – теледидар, радио, баспа басылымдары – екінші деңгейде (42,6%) болып қалуда.

«Жасөспірімдер, сәйкестікті қалыптастыру кезеңінде бола отырып, медиа-мазмұнға сезімталдықтың жоғары деңгейін көрсетеді, бұл мазасыздықты, ішкі шатасуды және өзін-өзі анықтауда қиындықтарды туындатуы мүмкін. Жас азаматтар үшін дәстүрлі емес жыныстық қатынастар туралы ақпараттың негізгі көзі әлеуметік желілер болып табылады, бұл цифрлық тәуелділіктің жоғары деңгейін және тексерілмеген немесе идеологиялық боялған ақпарат алдындағы осалдығын көрсетеді», – деп есепте айтылады.

Жүргізілген зерттеу бойынша есеп балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ету жұмысында есепке алу мақсатында зерттеу авторларымен уәкілетті органдарға және ҚР Парламентіне берілді.

Осы мәселе бойынша қоғамдық талқылаулар ҚР Парламентінің қабырғасында а.ж. қыркүйекте жалғастырылады деп күтілуде.