Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,77 теңгеге қымбаттап, 446, 60 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445, 65 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,98 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446,5 теңге, сатып алу – 450 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге.

Ресей рублі 5,8 – 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.