Бас прокуратура «Самат Әбіш қайда» деген сұраққа жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ісі жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

– Мен бұл іс сотта екенін білем. Ал оның қайда, не істеп жүргенін… Ол Қазақстанда. Тергеу кезінде ол «ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен» жүрген. Бұдан әрі айта алмаймын, өйткені бұл іске менің де рұқсатым жоқ», — деді Әсет Шындалиев Мәжіліс кулуарында.