ALASHORDA Мәзір
Саясат

Тоқаев Йотованы Болгария Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Тоқаев Йотованы Болгария Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

— Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз — халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, — делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.