ALASHORDA Мәзір
Саясат

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында ұлттық мереке - Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі

Әскери хор еліміздің  Әнұранын орындады.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. 
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтады. 
«Баршаңызды халқымыздың ең қастерлі мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күн –  рухымызды көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш» деген болатын.
Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтудеміз. 
Халқымыз егемендік жылдарында көптеген белесті абыроймен еңсерді. 
Мемлекетіміздің өркендеуі мен ел мерейінің үстем болуы – байыпты саясаттың, қажырлы еңбектің қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің жемісі. 
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің абыройы асқақтай берсін!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.