Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442 — 447 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,7 — 445,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 442 — 447 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 443, 44 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 4,91теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,82 — 4,92 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 17 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,55 теңгеге қымбаттап, 443, 57 теңге болған.