Бүгінгі доллар бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470– 475 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474,1 – 476,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 470 – 475 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 472, 57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 40 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,25 – 5,37 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,17 -5,37 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 3 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,81 теңгеге қымбаттап, 472,71 теңге болған.