Мемлекет басшысы Мозамбик Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мозамбик Республикасының Президенті Даниэл Шапуға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Даниэл Шапу мен оның отандастарын Мозамбик Республикасының тәуелсіздігіне 50 жыл толуымен құттықтады.

– Осынау тарихи күн халқыңыздың бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілік пен тұрақты дамудың мызғымас тұғыры ретінде ерекше мәнге ие. Еліңіз тәуелсіздік құндылықтарын ту етіп, алдағы уақытта да биік мақсат-мұратқа жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

https://kaz.inform.kz/news/memleket-basshisi-mozambik-respublikasinin-prezidentne-kuttiktau-zhedelhatin-zholdadi-96a37a/