Президент FPV-дрон операторларын даярлайтын инновациялық оқу-жаттығу кешенімен танысты

Ресми ашылу салтанатынан кейін Мемлекет басшысына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов FPV-дрон операторларын даярлайтын инновациялық оқу-жаттығу кешені мен ұшқыштарға арналған заманауи жаттығу симуляторларын таныстырды.
– Одан кейін Президент «Smart sarbaz» жас робот техниктері үйірмесінің жұмысымен танысты, – деп жазылған Ақорданың ресми парақшасында.