ALASHORDA Мәзір
Общенациональная социал-демократическая партия
Спорт

Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазын құттықтады

Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңімпазын құттықтады
ФОТО: Qazaqstan Barysy

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.

— Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды, — делінген жазбада.