<?php wp_head(); ?> Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау 2 айға ұзартылды - Alashorda ақпараттық-сараптамалық сайты

Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау 2 айға ұзартылды

Астана қалалық соты бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 9 қаңтардан 9 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

«2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», — деп жауап берді соттан Kazinform агенттігі жолдаған сауалға.

Сондай-ақ, елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.

Еске салайық, биылғы 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды.