Әмір Омарханов “Уимблдон” турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында “Уимблдон” турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен кездесті.
Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.
Нәтижесінде, қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 7:6(10:8) ұпаймен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Омарханов/Плешивцев турнирдің төртінші нөмірлі жұбы – финляндиялық теннисші Оскари Палданиус пен Польша өкілі Алан Важнымен шеберлік байқасады.