<?php wp_head(); ?> Ұйғыр театры «Достық сазы» атты концерттік бағдарламасын ұсынды - Alashorda ақпараттық-сараптамалық сайты

Ұйғыр театры «Достық сазы» атты концерттік бағдарламасын ұсынды

Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры Анкара қаласының көрермендеріне «Достлуқ сази» («Достық сазы») атты концерттік бағдарламасын көрермендер назарына ұсынды.
Концерт соңында, Халықаралық “Түрксой” ұйымының Бас Хатшысы Султан Раев сөз сөйлеп, Ұйғыр театрының әртістері Ниязжан Турсунов, Нуралим Варисов, Давутов, Турған Изимов, Гайрат Тохтыбакиев, Дилшат Аманбаев, әдеби-драмалық бөлімінің меңгерушісі Гульбахар Насирова және бас суретші Гузель Мамединованы “Түрксой” ұйымының мерекелік медалімен марапаттады.
Сондай-ақ Ұйғыр театрының басшысы Дилмурат Бахаров, аталмыш гастрольдік сапарды ұйымдастыруына ат салысқан бұл ұйымға ризашылығын білдіріп, Султан Раевқа сый тапсырды.