Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды

Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Бангкокта (Таиланд) өткен Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды.
Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.
Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.
Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.