Сегізінші қабаттан құлаған. Ақтауда әйел адамның мәйіті табылды

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңында әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Аlashorda.kz сайты.
29 шілде күні әйел адам тұрғын үйдің кіреберісінде орналасқан қоқыс жәшігіне құлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол сегізінші қабаттан құлап кеткен.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Бұған дейін марқұмның полицияда жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат тараған еді. Алайда ведомствоның мәліметінше, көз жұмған әйел құқық қорғау органдарының қызметкері емес.