Үстел теннисі: Қазақстанның өкілі 2026 жылғы Азия ойындарында төрелік етеді

Қазақстанның жоғары санатты халықаралық төреші Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда ұйымдастырылатын Азия ойындарында үстел теннисінен өтетін кездесулерде төрелік етеді.
Сонымен қатар халықаралық санаттағы төрешілер – Гүлназ Жалалдин мен Рустам Мирасланов 2026 жылғы Азия пара ойындарында жұмыс істейді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.