Қазақстан семсерлесуден екі мәрте үздік ондыққа енді

Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты басталды.
Қазақстандық Артём Саркисян үздік ондыққа еніп, жетінші орынға ие болды. Ол медаль үшін өткен кездесуде жапондық Кайто Стритске бір ғана шаншу айырмасымен есе жіберді – 14:15. Жанат Нәбиев 20-орынды иеленсе, Бақдәулет Құралбекұлы – 31-ші, Назарабай Саттархан – 36-шы орынға тұрақтады.
София Актаева Азия чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады. Үздік сегіздікке өту жолында ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, жапон спортшысы Сэра Азумадан басым түсті. Күлжан Түсіпбекова 28-ші, Алёна Гноева 31-ші орынды еншіледі.