Геннадий Головкин World Aquatics конгресіне қатысты

Сингапурдағы World Aquatics конгресіне Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, Qazaqstan Aquatics вице-президенті Мират Өтепов және Қазақстан федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин қатысты.
Геннадий Головкин жұмыс барысында Халықаралық федерация басшысы Хуссейн Әл-Мусалламмен кездесіп, Qazaqstan Aquatics өкілдерін World Aquatics-тің түрлі комитеттеріне енгізу туралы ұсыныс айтып, оны талқылады.
Сондай-ақ, конгресс аясында 2026 жылы өтетін «Silk Road» жүзуден Әлем кубогының үшінші кезеңі Астанада ұйымдастырылатыны ресми түрде жарияланды. Бірінші кезең Бакуде (Әзірбайжан), екіншісі Ташкентте (Өзбекстан) өтеді.
Қазақстан мұндай деңгейдегі халықаралық турнирді алғаш рет қабылдайды.