Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.
Айта кетелік Марокко Корольдігінің Ұлттық мейрамы — Тақ күні. 1999 VI Мұхаммед таққа отырды. Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 28-де орнатылды.