Депутат қаңтар көтерілісінде жеке ұшақтармен қашқан олигархтар туралы айтты

Бүгін Мәжіліс отырысында “Ақ жол” фракциясының өкілі Мақсат Раманқұлов де-офшоризация туралы Қаржы мониторинг агенттігіне депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, Қазақстан халқынынан ұрланған қыруар қаражатты елге қайтару керек.

«Біздің фракция сонғы жылдары, «Панама тізімі», «Райское досье» және Швейцария банктерінің Қазақстандықтырдың шоттарына  қатысты депутаттық сауалдарымызда осы мәселелерді бірнеше рет көтерген болатынбыз. 

«Tax Justice network» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең. 

Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары каражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша екі жүзден астам іс қозғаған. 

Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз.

Сонымен қатар, қаңтар қасіретіндікейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарғааударғаны туралы ресми емес ақпарат бар. 

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен сұраймыз: 

1) Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылған туралы ақпарат беру.

2) Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге кандай ірі қаражат шағарылды (миллион АҚШ доллардан көп суммалар), оны кімдер шығарды, кімдердін шоттарына түсті.

Сол күрделі күндерде көленкелі капиталдар шығарылды, деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсын.  Бірақ шығарылғын қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін. 

3) Сондықтан бұндай фактілер болған жағдайда, салық органдарынан мұндай қаржынын шығуының заңдылығын, және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз», – деді депутат.

Қаңтар көтерілісі кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты адамдар шет елге жеке ұшақтармен қашты деген ақпараттар айтылады. Демек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттің отбасы мен жақындарына қатысты қаржыны елге қайтарғысы келіп отыр ма?