ALASHORDA Мәзір
Саясат

Президент Ливан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Ливан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.