25–26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі Президенттің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
— Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.