Ерлан Бекхожин “Хабар” агенттігінің басшысы қызметінен кетті

Ерлан Бекхожин “Хабар” агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Хабар” агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин еңбек шартының аяқталуына байланысты қызметінен кеткенін, ол “Хабар” агенттігі” АҚ-та 2019 жылдан бері жұмыс істегенін хабарлайды. Қазіргі уақытта басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Ол “Хабар” агенттігі” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған”, – делінген ведомство хабарламасында.
Ерлан Бекхожин Tengrinews.kz тілшісіне де агенттік басшысы қызметінен кеткенін растады.