Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2» қаулысына толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа қаулыда халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын нысандарға кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажеттігі туралы хабардар ету қажеттігі айтылған.

«Сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің, адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу жүргізу керек»,-делінген құжат мәтінінде.