Қазақстанда корпоративтік хатшылар мен Директорлар кеңесінің мүшелері оқытылады

Қазақстанда корпоративтік хатшылар мен Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту курстарын ашу көзделіп отыр. Бұл туралы өзінің Facebook-тегін парақшасында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Президенттік жастар кадрлық резервінің (ПЖКР) өкілдерімен кездесу өткіздім. Ондай жиын дәстүрге айналып келеді. Осыған дейін резервшілер тізімі бекітілген бетте қатысушылармен танысып, оларды білім және ғылым саласында жұмыс істеуге шақырғанбыз. Бүгінде Білім және ғылым министрлігінде 7 резервист жұмыс істейді, сондай-ақ 18-і БҒМ ведомстволық бағынышты ұйымдарында Директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

Кездесуде ПЖКР мүшелері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Солардың бірі — білім және ғылым салаларын цифрландыру, мектептерде бірлесе кәсіптік диагностика мен тексерулерді қамтитын кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу. Сонымен қатар резервшілер корпоративтік хатшыларды оқыту мәселесін көтерді. Нәтижесінде корпоративтік хатшылар мен Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту курсын бастаймыз деп келістік. Алдағы уақытта да ПЖКР қатысушыларын министрліктің жұмысына тартуды жалғастыратынымызды атап өткім келеді»,-деп жазды министр.


ТегтерБілім