«Самұрық-Қазынада» реформа қалай жүріп жатыр — Қор басшысы Президентке есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Алмасадам Сәтқалиев Президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.

Мемлекет басшысына қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.