Утилизациялық алымның жаңа мөлшерлері 23 ақпанда жарияланады – Серікқали Брекешев

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде утилизациялық алым мөлшері қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Ертең атомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін утиль алым мөлшерлемелері жарияланады. Ал «Оператор ӨКМ» компаниясынан мемлекетке берілген ақша туралы ақпарат бәріне мәлім деп ойлаймын. «Оператор ӨКМ»-нің екінші деңгейлі банктердегі шоттарында шамамен 220 млрд теңге болған. Қаулы бойынша бұл ақша «жасыл дамуға» берілді. Ол ақшаның қаншасы жеңілдетілген автонесиеге бөлінетіні заңнама нормалары бойынша қараймыз», — деді Серікқали Брекешев.