«RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған Жомарт Ертаев рақымшылыққа ілініп, түрмеден босады, деп хабарлайды Alashorda.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл ақпаратты Қылмыстық атқару-жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.
«Бұл адам сот үкіміне сай қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеген. Соттың шешімімен ол рақымшылыққа ілініп, босап шықты. Бұдан өзге айтарымыз, рақымшылыққа ілінген бұл адам пробация қызметінің есебіне алынды», - деп хабарлайды ҚАЖК баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Жомарт Ертаев «RBK Bank» банкінен 144 млрд теңге ұрлағаны үшін 11 жылға сотталған.