ТОҚАЕВ ТӘУЕЛСІЗ КАНДИДАТТАН ҚОРҚА МА?

Сайлау туралы заңның 54 бабында Президент сайлауына үміткер «…мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуы» керек деп жазылған. Алайда Әділет министрі Қанат Мусин «Мұндай заң нормасы жоқ. Кез келген адам президент сайлауына қатыса алдады» дейді.

Ал елімізде президент Тоқаевтан кейін екінші лауазымды тұлға саналатын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев болса «Кез келген адам президент сайлауына қатыспауы керек» деген пікірде.

Министр мен Сенат төрағасының сөзі неге қарама-қайшы болып отыр? Мәулен Әшімбаевтың «президент сайлауына тек қана мемлекеттік қызметкер ғана түсуі керек» дегені дұрыс па? Осы сұрақтарды ORDA LIFE ютуб каналы министр мен сенат төрағасына қойды.

P.S. Кезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «президент сайлауына тәуелсіз кандидат қатыспасын» деп аталған заң нормасын енгізген болатын. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы өтуі тиіс сайлауға қатысу мүмкін. Президент тәуелсіз кандидаттан қорқып, әлемде жоқ талапты өзгертпей сайлауға қатыса бере ме? Егер заң талабын өзгертпесе Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан», Екінші республика дегені өтірік болып шығады.