Айсұлтан Сейітов Тоқаевпен кездесуден бас тартты
Белгілі режиссер Айсұлтан Сейітов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден бас тартты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Ербол Еділовтың YEDILOV ONLINE телеграм каналы.
«Режиссер өзіне президент кеңсесінен қоңырау шалып, «жастар атынан» мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді ұсынған көрінеді. Алайда Айсұлтан Сейітов президентпен кездесуден бас тартқан.
Еске салайық, бұған дейін Айсұлтан Сейітов «Замандас» подкастында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар кеңесіне кіруден бас тартқанын айтып, олардың қызметін «еліктеу» деп атаған болатын. Сондай-ақ ол экс-Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне 10 миллион доллар және үкіметтегі жұмсақ орын беруді уәде еткенін айтқан болатын.
Экс-мринистр HOLA News арнасына берген түсініктемесінде «Киноны қолдау орталығы» бюджетті бөлуге жауапты болғандықтан, режиссерге ақша бермегенін айтты», — деп жазды Ербол Еділов
Біздің атағы дардай ақын-жазушыларымыз «Президентпен кездесесіз» десе, алып ұшып Тоқаевтың алдына барар еді. Тіпті біздің мақтаулы деген азаматтарымыз Қаңтар қырғынынан кейін Тоқаевтың қолынан орден, медаль алудан арланбады.
Ал Айсұлтан Сейітов болса, «Президент шақырды екен» деп алып ұшып шауып бармай, өзінің прниципшілдігін көрсетті. Режссердің бұл әрекеті өзін ұлттың жанашыры деп сезінетін адамдарға үлгі екен.