Қостанайдағы жол апатынан жүргізуші көз жұмып, екі адам ауруханаға түсті
Қостанай облысында болған жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Alashorda.kz сайты ІІМ-не сілтеме жасап.
Жол апаты Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 190-шақырымында болған. ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан 30 жастағы ВАЗ жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», — деп жазды ведомстводан.