АЭС құрылысы: Алматы облысының Жамбыл ауданында қоғамдық тыңдау өтеді

28 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы орта мектебінің акт залында АЭС құрылысы туралы көпшілік алдында тыңдау өтеді. Бұл туралы Alashorda.kz сайты «Самұрық-Қазына» қорының ресми телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жергілікті тұрғындардың жоба туралы пікір білдіріп, арнайы қатысатын сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігі болады.

Кездесу ұйымдастырушысы – Алматы облысындағы Жамбыл ауданының әкімдігі. Ақпараттық қолдау білдіруші – «Самұрық-Қазына» қоры. Біз іс-шараның ашық өтуін қамтамасыз етеміз.

Кездесуді Қордың YouTube және Instagram парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады. Сонымен қатар, іс-шараға оффлайн қатысуға болады. Ол үшін Үлкен ауылына ең жақын деген Шығанақ теміржол станциясына келуіңіз керек (жол шығынын қатысушының өзі төлейді)», — делінген хабарламада.