ЖСДП Мәжіліс сайлауына 25 үміткер ұсынбақшы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Мәжіліс сайлауына 25 кандидат ұсынатын болды, деп хабарлайды alashorda.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Партияның кезектен тыс съезінде делегаттар осындай шешім қабылдады.

Сонымен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 25 кандидат ұсынады.

Оның 19-ы партия тізімімен, алтауы мажоритарлық әдіспен ұсынылып отыр.

«Бүгін өте маңызды съез өтіп жатыр. Қазақстанда маңызды өзгерістер болып жатыр. Халық үшін осыншама маңызды кезеңде елдегі жалғыз оппозициялық партия ретінде бұл өзгерістерден тыс қала алмаймыз», — деген партия төрағасы Асхат Рахымжанов Мәжіліс сайлауына ұсынылатын кандидаттар тізімі бірауыздан бекітілгенін мәлім етті.

«Жаңа ғана партия съезінде 19 кандидаттан тұратын тізім ұсынылып, бекітілді. Біздің кандидаттардың бәрі Қазақстан заңнамасындағы талаптарға толық сәйкес келеді. Одан бөлек жуықта ғана қабылданған әйелдер мен жастардан, мүгедектігі бар тұлғалардан тұратын қосымша тізім ұсыну талабын да сақтап отырмыз. Сондай-ақ, мажоритарлық жүйе бойынша 6 адам ұсынылады. Ол кандидаттар өз өңірінде айтарлықтай танымал болғандықтан жеңіске үміт арта алады деп ойлаймыз», — деді партия төрағасы.

ЖСДП атынан Мәжіліс депутаттығына мажоритарлық жүйе бойынша түсетін үміткерлер тізімі:

1. Ағыбаев Берік Қалижанұлы

2. Смокин Валерий Леонидович

3. Камалова Нұрайнаш Балтабайқызы

4. Жақанов Дамир Сәтпайұлы

5. Дәуренбеков Нұрбек Сағатұлы

6. Хайсин Азамат Болатұлы

ЖСДП атынан Мәжіліске партиялық тізім бойынша ұсынылатын үміткерлер тізімі:

1. Рахымжанов Асхат Нұрмағабетұлы

2. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы

3. Әбенова Анаргүл Жақсағалиқызы

4. Әлібаев Айдар Байдәулетұлы

5. Әшімбеков Абдукамал

6. Әлімжанова Ирина Светжанқызы

7. Дүзбаева Жеңісгүл Қызғызалиқызы

8. Жағыпаров Берік Қапанұлы

9. Калгин Виктор Евгеньевич

10. Камалов Мирамбек Аманжолұлы

11. Қожаханов Нұртай Тыныштыханұлы

12. Мыңбаев Сәкен Саламатұлы

13. Насибулов Мақсұт Бейбітұлы

14. Нұрлыбеков Нұрым Көмекұлы

15. Омаров Талғат Табысбайұлы

16. Сағандықов Ажар Бахитқызы

17. Сайлаубай Наурыз Саятұлы

18. Сәмбетбай Тазабек Дәкенұлы

19. Тоқсамбаев Мәкилә Алтайқызы.