Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сайтына сілтеме жасап.
«2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
- «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
- «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі», — делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.